Қазақстан құрамасының вице-капитаны Исламбек Қуат Qazaqstan ұлттық телеарнасының 1001 түн бағдарламасында қонақта болып, болашағына қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
- Ұлттық құраманың соңғы матчтарынан кейін Еуропадан ұсыныстар түсті ма?
- Ешкім хабарласпады. Еуропада бір екі ойыннан кейін ешкім хабарласпайды. Хабарласса кәрі құрлыққа барамыз. Ешкімнен ұсыныс түспесе осында қалып Беларусь құрамасымен қарымта матчқа дайындаламыз.
- Исламбек, сіз екі ойында құраманың капитандық міндетін атқардыңыз...
- Эмоцияны сақтау қиын. Әсіресе алаң жиегінен командаңның ойынын тамашалау қиын. Көмектесе алмайтыныңды біліп қынжыласың. Ал жалпы алғанда капитан болудың қатты қиындығы жоқ.
Еске салайық, маусым айында Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасы аясында төрт матч өткізіп, 10 ұпай еншшіледі. Исламбек Қуат Словакия және Беларусь командаларымен өткен ойында капитандық міндет атқарды.