auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Исламбек Қуат ойнайтын ресейлік командадаға техникалық жеңіліс жазылатын болды

Исламбек Қуат ойнайтын ресейлік командадаға техникалық жеңіліс жазылатын болды
Сурет "Оренбург" клубының сайтынан алынды.
Қазақстан құрамасының жартылай Исламбек Қуат өнер көрсететін "Оренбург" командасының алдағы кездесуі өтпейтін болды. 24 турда бұл команда "Краснодарға" қарсы кездесу өткізу керек еді. 

Команданың алты футболшысы және екі қызметкері вирус жұқтырып алған. Ұжым карантинге кеткен. Сол үшін ойын өтпейтін болды. 

Исламбек Қуат ойнайтын ресейлік командада эпидемия басталды.

"Футболшылар мен команда қызметкерлерінен вирустың шығуына байланысты "Оренбург" алдағы турда "Краснодарға" қарсы кездесуді өткізбейтін болды. Клуб футболшылар мен жанкүйерлерді қиын жағдайға қалдырғысы келмейді. Сонымен қатар алдағы кездесуге жастар құрамасын да шығармау туралы шешім қабылданды. Өйткені, біздің жастар құрамамыз жаттығу жасаған жоқ. Лайықты қарсылық көрсете алмайды. 

Қарсыласымыз "Краснодар" командасын сыйлаймыз. Ойынды кейінге шегеріп, оларды да қиын жағдайға қалдырғымыз келмейді. 

"Оренбург" клубы бұл жағдай үшін барлық жанкүйерлерден кешірім сұрайды. Команда келесі ойынға жаттығу жұмыстарын жасап, Ресей біріншілігінде қалу үшін барлығын жасайды", - делінген клубтың ресми хабарламасынды. 

.Ресей Премьер лигасының өкілдері техникалық жеңіліске байланысты соңғы шешімді Ресей футбол федерациясы шығаратынын айтты. Ал клубтың бас директоры "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұқбатында командаға 0:3 есебімен жеңіліс тіркелетінін айтты. 

"Шамасы бізге техникалық жеңіліс жазылатын шығар", - деді Андреев. 

Мамыр айының соңында "Оренбургтің" бас бапкері Платон Захарчуктан вирус шығып еді. Ал шабуылшы Андреа Чуканова, жартылай қорғаушы Филип Рогич пен Жига Шкофелка және физикалық дайындықты қадағалайтын бапкер Евгений Стукаловтан антидене табылды.

Үзілістен кейін жалғасқан біріншілікте "Оренбург" бір ойын өткізді. Мәскеулік "Локомотивпен" болған кездесу олар 0:1 есебімен жеңіліп қалды.





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама