Исламбек Қуат ойнайтын ресейлік клуб тақырға отырды деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады

Сурет: "Оренбург" ФК
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат өнер көрсететін ресейлік "Оренбургтің" баспасөз қызметі клубтың банкротқа ұшырауы мен ойыншылар еңбекақысын қысқарту туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Sportbox.ru.

Мұның алдында БАҚ-та "Оренбург" басшылығы футболшыларға келісімшарттарын қайта қарап, еңбекақыны 30 пайызға төмендетуді сұраған. Ал бұл ұсынысты банкрот болып қалу қаупімен түсіндіргені туралы ақпарат тараған еді.  

Ресейлік клуб Қазақстан құрамасы ойыншысынан еңбекақысын азайтуды сұрады

"Бірқатар басылымнан біздің клуб туралы жағымсыз ақпарат жазып жатқанын таңдана оқыдық. Бізде бәрі жақсы, чемпионатқа жоспарлы түрде дайындалып жатырмыз, командада көңіл-күй көтеріңкі. Премьер-лигада қалу мүмкіндігі үшін күресеміз", - деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі. 

22 тур қорытындысы бойынша команда 23 ұпаймен РПЛ турнир кестесінде 13-ші орында келеді.