Исламбек Қуат "Астанадан" кетуі мүмкін. Футболшыға қандай команда ұсыныс жасағаны белгілі

©ҚФФ

Елордалық "Астана" мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат "Ақтөбе" командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады. 

"Ақтөбе" командасының бас бапкері Владимир Мухановтың өзі 28 жастағы футболшыға қызығушылық білдіріп отыр. 2012 жылғы маусымда Қуат "Ақтөбе" сапында осы маманның қол астында өнер көрсеткен болатын. 

Қазақстан құрамасының футболшысы мен команда арасында келіссөз болған. Жартылай қорғаушы соңғы шешімді маусым аяқталған соң қабылдайды. 

Биыл Қуат "Астана" сапында 22 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, ол Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатының іріктеуінде бес ойынға қатысты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: