Исламбек ең нашары? Ұлттар лигасындағы Беларусьпен матчтегі Қазақстанның ең мықты ойыншысы аталды

Сурет: ҚФФ
Футбол статистикасына маманданған WhoScored.com порталы Ұлттар лигасында Беларусьпен ойындағы Қазақстан құрамасы футболшыларының әрекетіне баға берді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Минскте өткен С дивизионының 4-ші тобындағы ойын 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 

Қазақстан құрамасы сапында 7,1 ұпаймен жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген үздік ойыншы болды. Ал бірден үш ойыншыға төменгі балл - 5,9 берілді: Абат Айымбетов, Айбар Жақсылықов және Исламбек Қуат. Кейінгі екеуі алаңға екінші таймда шықты.



Осы матчтен кейін Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен бірінші орыннан төртке түсті. Ал С дивизионының 4-ші тобында жеті ұпай жинаған Беларусь бірінші орынға көтерілді. Бес ұпайдан жинаған Литва және Албания сәйкесінше екі мен үшінші орында. 
Жаңалықтар