Минскте өткен С дивизионының 4-ші тобындағы ойын 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Қазақстан құрамасы сапында 7,1 ұпаймен жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген үздік ойыншы болды. Ал бірден үш ойыншыға төменгі балл - 5,9 берілді: Абат Айымбетов, Айбар Жақсылықов және Исламбек Қуат. Кейінгі екеуі алаңға екінші таймда шықты.
Осы матчтен кейін Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен бірінші орыннан төртке түсті. Ал С дивизионының 4-ші тобында жеті ұпай жинаған Беларусь бірінші орынға көтерілді. Бес ұпайдан жинаған Литва және Албания сәйкесінше екі мен үшінші орында.