Шотландиялық клуб қазақстандық шабуылшы Ислам Чесноковты қатарына қосқанын растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Клубтың бас директоры Эндрю Маккинли Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ислам Чесноковпен келісімшартқа қол қойғанын ресми хабарлап, команда қатарына қашан қосылатынын айтты.
– Біз Ислам Чесноковпен келісімшартқа қол қойдық, ол біздің командаға ауысады. Оны ресми түрде тек қаңтар айында тіркей аламыз, бірақ ол желтоқсанның басында командамен бірге жаттығуларға қосылады. Бұл оның жаңа ортаға, Эдинбургке бейімделуіне мүмкіндік береді. Алда тамаша қыс айлары күтіп тұр, – делінген клубтың ресми сайтында.
Айта кетейік, қазіргі таңда "Хартс" командасы Шотландия чемпионатында 25 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орындағы "Селтиктен" 8 ұпайға озған.