Иранның ең қымбат ойыншысы коронавирус жұқтырды

©spbdnevnik

Иран құрамасының ойыншысы Сердар Азмун коронавирус жұқтырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Азмун Иран командасының сапына кезекті рет шақырту алған сәтте аты жаман ауруды жұқтырғаны белгілі болды. "Зенит" шабуылшысы қаңтар айының 27 жұлдызы Катар-2022 турнирі аясында Ирак құрамасына қарсы ойнауы тиіс болған.

Еске салайық, transfermarket сайты ирандық футболшыны 25 млн еуроға бағалап отыр. Осылайша, ол қазіргі таңда Иран сапындағы ең бағалы ойыншы атанып отыр. Сердар Азмун Иран құрамасының жейдесімен алаңға 60 рет шығып, 39 гол соққан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: