Футболдан Иран құрамасының бас бапкері Карлуш Кейруш отсавкаға кеткенін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Иран құрамасы Қатарда өткен әлем чемпионатында екі кездесуде жеңіліп, бір кездесуде жеңіске жетті. Осылайша, құрама плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Осы топтық кезеңдегі ойындардан соң Карлуш Кейруш құраманың бас бапкері қызметінен кететінін хабарлады.
Еске салайық, Кейруш Иранның тізгінін әлем чемпионатына бір ай қалғанда ұстады.