Иранның әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды

©twitter.com/BrentfordFC

Футболдан Иранның Катар жерінде өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Иран құрамасы топтық кезеңде АҚШ, Англия және Уэльс құрамаларымен ойнайды. 

Қақпашылар: Алиреза Беиранванд ("Персеполис"), Амир Абедзаде ("Понферрадина", Испания), Хоссейн Хоссейни ("Эстеглал"), Паям Ниазманд ("Сепахан").

Қорғаушылар: Маджид Хоссейни ("Трабзонспор", Түркия), Хоссейн Канаани ("Аль-Ахли", Катар), Шоджа Халилзаде ("Аль-Ахли", Катар), Мортеза Пурлиганджи ("Аль-Араби", Катар), Садег Мохаррами ("Локомотива" , Хорватия), Милад Мохаммади ("Гент", Бельгия), Эхсан Хаджсафи (АЕК, Грекия), Рамин Резаэян ("Персеполис"), Аболфазл Джалали ("Эстеглал").

Жартылай қорғаушылар: Саид Эззатоллахи ("Вайле", Дания), Али Карими ("Кайсериспор", Түркия), Ахмад Нуроллахи ("Шабаб Аль-Ахи", БАӘ), Рузбе Чешми ("Эстегляль"), Вахид Амири ("Персеполис"), Саман Годдос ("Брентфорд", Англия), Алиреза Джаханбахш ("Фейеноорд", Нидерланды), Али Голизаде ("Шарлеруа", Бельгия), Мехди Тораби ("Персеполис").

Шабуылшылар: Сердар Азмун ("Байер", Германия), Мехди Тареми ("Порту", Португалия), Карим Ансарифард (АЕК, Грекия).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport