Ираннан кеткен Бердыев ресейлік клубты ресми түрде қабылдады

©Қайрат ФК

Ресейлік маман Құрбан Бердыев "Сочи" клубының бас бапкері ретінде ресми түрде таныстырылды, деп жазады "Чемпионат".

70 жастағы жаттықтырушы өткен жылы "Қайраттың" тізгінін ұстап, 2022 жылдың жазында екіжақты келісім арқылы клубтан кеткен еді. Артынша Иранның "Тракторына" бапкер атанды. Тіпті трансферлік маусымда "Трактор" сапына бірқатар ойыншыларды алдырды. Алайда маусым аяқталмастан қызметінен өз еркімен кетіп, "Сочи" клубының бапкері атанды.

Бапкерлік жолында Бердыев "Рубин" командасымен екі рет Ресей чемпионы атанды. Сонымен қатар, екі рет Ресей Кубогін иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар