Иранда құрама жанкүйерін атып кеткен

1 желтоқсан 2022 15:02
©dbajurin

Иран мен АҚШ (0:1) кездесуінен кейін Иранның Энзели қаласында 27 жастағы жанкүйер Мехран Самакты атып кеткен. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Белгілі болғандай, Иран құрамасы Қатардағы әлем чемпионатында топтан шыға алмайтын жағдайға жеткен соң Самак көлігінің сигналын қосып жүрген. Артынша жанкүйерді белгісіз біреулер басынан атқан.

Еске салайық, Иран футболшылары мундиальда өткізген үш кездесуде 3 ұпаймен үшінші орыннан ары аса алмады. Ал В тобында Англия мен АҚШ турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Енді 3 желтоқсанда АҚШ пен Нидерланды, Англия мен Сенегал командалары кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар