| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
16 маусым 09:48
 

Иран екі рет камбэк жасап Жаңа Зеландияға жеңісті бермеді

  Пікірлер

blog.share

Иран екі рет камбэк жасап Жаңа Зеландияға жеңісті бермеді ©t.me/qazsporttv

Иран мен Жаңа Зеландия құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында тең нтүсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Иран мен Жаңа Зеландия құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында тең нтүсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

G тобындағы кездесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Матч барысында Иран құрамасы екі рет есепте қалып қойса да, таразы басын теңестіруге мүмкіндік тапты.

Жаңа Зеландия ойынның басында-ақ есеп ашты. Матчтың жетінші минутында Элайджа Джаст айып алаңында әріптесінен пас алып, допты қақпаның тоғыздығына дәл бағыттады.

Ирандықтар бірінші тайм аяқталғанға дейін жауап қайтарды. 32-минутта Рамин Резаян қақпашымен бетпе-бет шығып, есепті 1:1-ге жеткізді.

Екінші таймда Жаңа Зеландия тағы да алға шықты. 54-минутта Элайджа Джаст дубль авторы атанып, өз құрамасын қайтадан алға шығарды.

Алайда бұл басымдық ұзаққа созылған жоқ. Араға он минут салып, Мохаммад Мохеби әдемі соққымен допты қақпаның жоғарғы бұрышына тоғытып, матчтың қорытынды есебін белгіледі - 2:2.

Осылайша, G тобындағы алғашқы турдан кейін ешбір команда үш ұпай еншілей алмады. Бұған дейін Бельгия мен Мысыр құрамалары да 1:1 есебімен тең түскен болатын. Мысырлықтар өз қақпасына соғылған автоголдың кесірінен күтпеген жеңісті уыстан шығарып алды.

Еске салайық, ӘЧ-2026 турнирінің плей-офф кезеңіне әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалар тікелей жолдама алады. Сонымен қатар, үшінші орын алған командалардың ішіндегі үздік сегіз құрама да келесі кезеңге өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!