Футбол
2 сәуір 2021 10:07

"Интердің" экс ойыншысы удай мас күйінде әкесін сабап полицейлерге қарсылық көрсеткен

Сурет: Bleacher Report

"Интердің" және Колумбия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Фредди Гуаринді полиция ұстады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазіргі таңда колумбиялық "Мильонариос" сапында өнер көрсететін футболшы өзінің отбасы мүшелеріне шабуыл жасап, құқық қорғаушыларға қарсылық көрсеткен.

БАҚ мәліметінше, 34 жастағы спортшы удай мас күйінде әкесін сабаған.