Миландық "Интермен" жаңа келісімшарттың талаптарына көңілі толмаған орталық қорғаушы Алессандро Бастони келесі жылы каталондық "Барселонаға" ауысуға дайын, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бастониге "Интердің" ұсынысы ұнамады
Журналист Саша Тавольеридің мәліметінше, "неррадзурри" 27 жастағы Италия құрамасының орталық қорғаушысына келісімшартты ұзартуды ұсынған. Алайда ойыншы мен оның өкілдері клуб басшылығы ұсынған шарттарға көңілі толмаған.
Дереккөздің хабарлауынша, Бастони "Барселонаға" ауысу мүмкіндігін қарастыруға дайын. Дегенмен түпкілікті шешім қабылдамас бұрын каталондық клубтың бас бапкері Ханс-Дитер Фликпен ықтимал әріптестік туралы сөйлесуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, бұған дейін де осындай ақпарат тараған болатын.
"Барселона" қорғаушыны бақылауын жалғастырып жатыр
Каталондық клуб италиялық қорғаушыны қатарына қосуға әлі де мүдделі және оның өкілдерімен байланысын үзген жоқ. "Көк-анарлылар" жақын болашақта Бастониді сатып алу үшін тағы бір әрекет жасауды жоспарлап отыр.
Transfermarkt мәліметінше, 27 жастағы футболшының нарықтық құны 65 миллион еуроны құрайды.
Жарнама