Футбол
Бүгін 09:36

"Интер" төрт гол өткізіп алып Чемпиондар лигасында сенсациялық жеңіліске ұшырады

©Claudio Villa/Getty Images

Италиялық "Интер" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда бельгиялық "Брюггеден" күтпеген жерден ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Миландағы "Джузеппе Меацца" стадионында өткен кездесу 3:4 есебімен аяқталды.

Қонақтар сапында Николо Трезольди хет-трик жасады. Ол 30-минутта пенальтиден, 63 және 74-минуттарда гол соқты. Сондай-ақ 87-минутта Ромео Верман мергендік танытты.

Алаң иелері сапында Лаутаро Мартинес дубль авторы атанды. Ол 44 және 81-минуттарда гол соқты. Ал Анж-Йоан Бонни 90+3-минутта тағы бір голдың авторы болды.

Бұл "Брюггенің" турнирдегі алғашқы жеңісі. Иван Леко баптайтын команда үш ұпаймен турнир кестесінде 18-орында тұр. Ал "Интер" екінші рет ұтылып, ұпай жинай алмады және 28-сатыға түсіп қалды.

Келесі турда "Интер" украиналық "Шахтермен" ойнайды. Ал "Брюгге" өз алаңында француздық "Ланспен" кездеседі. Екі матч та 21 қазанда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport