"Интер" соңғы секундта гол соғып, Суперкубок жеңімпазы атанды

©inter.it

Италия Суперкубогінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Джузеппе Меацца" атындағы стадионда өткен матчта "Интер" мен "Ювентус" кездесіп, миландықтар овертаймның соңғы секундтарында жеңіске жетті.

"Интер" сапында Лаутаро Мартинес (35-минут, пенальти) пен Алексис Санчес (120+1) гол салса, "Ювентус" сапында Уэстон Маккени (25-минут) ерекшеленді.

"Интер" өз тарихында Италия Суперкубогін алтыншы рет иеленді. Ал "Ювентус" аталмыш жетістікке тоғыз рет жеткен. Италия футболының тарихында Суперкубокті ең көп ұтқан "кәрі сеньоралар".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: