Футбол
5 қараша 10:55

"Интер" мен "Қайратттың" Чемпиондар лигасындағы ойынына трансляция

©"Қайрат" Чемпиондар лигасында. Фото: Vesti.kz/Болат Айтмолда©

6 қарашаға қараған түні алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 4-турында италиялық "Интермен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Милан қаласындағы "Джузеппе Меацца" стадионында өтеді және Астана уақытымен 01:00-де басталады. Ойынды Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, сондай-ақ, трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді болады.

"Интер" 9 ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде төртінші орында тұр, ал "Қайрат" 1 ұпаймен 34-орында келеді.

Командалар бұған дейін өзара кездеспеген: италиялық клуб Қазақстан өкілдерімен алғаш рет ойнайды, дәл сол сияқты "Қайрат" та Италия командаларымен алғаш рет кездеседі.

"Кайраттың" Чемпиондар лигасындағы келесі матчтары:

? 6 қараша: "Интер" - "Қайрат" (01:00)
? 26 қараша: "Копенгаген" - "Қайрат" (22:45)
? 9 желтоқсан: "Қайрат" - "Олимпиакос" (20:30)
? 20 қаңтар: "Қайрат" - "Брюгге" (20:30)
? 29 қаңтар: "Арсенал" - "Қайрат" (01:00).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport