Футбол
7 қараша 09:40

"Интер" қазақ тілінде пост жариялады

©

Миландық "Интердің" баспасөз қызметі алматылық "Қайратты" 2:1 есебімен ұтқанна кейін қазақ тілінде жазба жариялады. Бұл кездесу УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші турында өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нерадзуррилер "Джузеппе Меаца" стадионында өткен ойынның көріністерінен бейнежазба жариялады. Онда "Қайрат" қақпасына гол соққан ойыншылар - аргентиналық Лаутаро Мартинес пен бразилиялық Карлос Аугусто - басты кейіпкерлер болды.

"Тамаша ойын, тіпті 2016 жылғы нұсқасында да", - делінген Интердің қазақ тіліндегі жазбасында.


Айта кетейік, "Интер" жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасында өткізген төрт ойында да жеңіске жетті. Ал "Қайраттың" еншісінде бір ғана ұпай қалды.

"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы алдағы ойындары:

?26 қараша: Копенгаген - Қайрат (22:45)
?9 желтоқсан: Қайрат - Олимпиакос (20:30)
?20 қаңтар: Қайрат - Брюгге (20:30)
?29 қаңтар: Арсенал - Қайрат (01:00)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport