Футбол
29 қазан 10:47

"Интер" – "Қайрат" матчының билеттері таңғаларлық бағада сатылып жатыр

©canalplus.com

Алматылық "Қайрат" Миланда өтетін "Интерге" қарсы матчқа билеттер сатылымының басталғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

"Интер" – "Қайрат": матч қашан және қайда өтеді?

Кездесу 5 пен 6 қараша аралығындағы түні Италияның Милан қаласында орналасқан әйгілі "Джузеппе Меацца" стадионында өтеді. Бұл аренада 75 мыңнан астам көрермен сыяды.

"Интер" – "Қайрат" матчының билеттерін қайдан сатып алуға болады?

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)

Қазақстандық жанкүйерлер үшін қонақтар секторына билеттер сатылымы ашылды. Билеттерді Ticketon.kz сайтынан, сондай-ақ Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алуға болады.

Билеттердің бағасы 7 000 теңгеден басталады.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы үй матчтарына билеттердің құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болған.

УЕФА ережесіне сәйкес, қонақ командаға жалпы билеттердің 5%-ы бөлінеді. Демек, Миландағы матчта "Қайрат" жанкүйерлеріне арналған секторларда 4 мыңға дейін жанкүйер орналасуы мүмкін.
Айта кету керек, билет бағасын, соның ішінде қонақтар секторына арналған бағаларды да қабылдаушы клуб белгілейді.

"Қайрат" – Чемпиондар лигасында

Алматылық клуб өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған болатын. Турнирді "Қайрат" сырт алаңда Лиссабонның "Спортингінен" 1:4 есебімен ұтылудан бастады, кейін "Реалдан" 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Үшінші турда алматылықтар өз алаңында Кипрдің "Пафос" клубымен 0:0 есебінде тең ойнап, негізгі кезеңдегі тарихи алғашқы ұпайын еншіледі.

"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы алдағы матчтар кестесі:

6 қараша — "Интер" – "Қайрат" (01:00)
26 қараша — "Копенгаген" – "Қайрат" (22:45)
9 желтоқсан — "Қайрат" – "Олимпиакос" (20:30)
20 қаңтар — "Қайрат" – "Брюгге" (20:30)
29 қаңтар — "Арсенал" – "Қайрат" (01:00)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport