auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Интер" қақпашысы 19 жылда екінші рет қана ойынға шықты

"Интер" қақпашысы 19 жылда екінші рет қана ойынға шықты
©

Миланның "Интер" клубы үшін биылғы маусым сәтті өтті деуге негіз бар. А Сериясында чемпион атана алмаса да, Италия кубогын ұтып алды. Сондай-ақ Чемпиондар лигасының финалына шықты. Бұл жетістікке жетуге әр ойыншы өз еңбегін сіңірді. Солардың қатарында қақпашыларды ерекше атап өтуге болады.

Негізгі қақпашы Андре Онана нағыз талантымен талай ойында жанкүйерлерді таңғалдырды. Команданың Чемпиондар лигасында жоғары нәтиже көрсетуіне зор септігін тигізді. Екінші қақпашы Самир Ханданович кубок жолындағы ойындарда осалдық танытқан жоқ. Ал үшінші қақпашы Алекс Кордацты көп жанкүйер біле бермейді. Ол Италия чемпионатының соңғы турында ғана алаңға шықты. Онда 19 жылдан кейін барып қана...

Иә, иә Алекс Кордац 2004 жылы "Интер" сапында бірінші ойынын өткізген. Одан кейін енді ғана екінші ойынына шыққан. Мұның тарихы тереңде жатыр.

Соңғы турдағы "Ториноға" қарсы ойынның 65-минутта Симеоне Индзаги қақпашы алмастыруды ұйғарды. Алаңға 40 жастағы Алекс Кордац шықты. Ойында қақпашы тамаша бір сейв жасап, командасын құтқарып та қалды. Бұл жергілікті жанкүйерлер мен спортсүйер қауымды бір желпіндіріп те қойды.

Кордацты команда басшылығы "Специяға" жалға берді. Одан кейін ол өзге клубтарға ауысып кете барды. Италияның С, В серияларында, Швейцария мен Словения чемпионаттарында ойнады. Соңында "Кротоне" командасымен екі рет Италияның А сериясына шығып түсті. 38 жасында "Интерден" қайта шақырту алып, сүйікті командасына оралды. Онда да үшінші қақпашы болып...

"Мені қайта шақырғанда шынымен қуандым. Мен бір балалық шағыма оралғандай болдым. Қазір өскен жер, доп тепкен алаңды күнде көремін. Бұл қуаныш, зор мақтаныш.

Клубқа қайта оралғаныма қуаныштымын. Командаға, жаттықтырушылар мен жас ойыншыларға пайдам тисе деймін. Бір мақсат жолында еңбектеніп келеміз", - дейді қақпашы.

Өткен маусымда Алекс Кордац алаңға шықпады. Симеоне Индзаги егде жастағы ойыншыға сенім артпаса керек. Маусым соңында В сериясындағы бірнеше клубтан қақпашыға ұсыныс та түскен. Ол сүйікті командасы үшін бәрінен бас тартқан.

"Менің командадағы орным қандай? Қоймадағы жұмысшы болар. Жоқ, қалжыңдаймын. Мен қосалқы құрамдағы жас ойыншыларға ерік-жігер сыйлауға тырысамын", - дейді Кордац.

Осылайша, Алекс Кордац "Интер" сапындағы алғашқы ойынынан 19 жыл, 3 ай, 29 күн өткенде барып қана екінші ойынына шықты. Бұл да қақпашының футболдағы бір тағдыр жолы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама