Футбол
29 тамыз 11:25
 

"Интер" Чемпиондар лигасындағы "Қайратпен" матчке қатысты иттің суретімен пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

"Интер" Чемпиондар лигасындағы "Қайратпен"  матчке қатысты иттің суретімен пікір білдірді ©x.com/Inter

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында миландық "Интермен" кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында миландық "Интермен" кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Миландық клубтың баспасөз қызметі турнирдің жеребесіне әзілмен жауап берді. "Қайратпен" өтетін матч аңызға айналған "Сан-Сиро" (Джузеппе Меацца) стадионында, Миланда өтеді.

"Интердің" ресми X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қызықты коллаж жарияланды: алғашында көңілсіз көрінген иттің бейнесі, "Қайратпен" ойынды естіген соң және ойынның өз алаңында өтетінін білген сәтте қуана жымияды.

"Сегіз сағат жол үнемделді", – деп жазылды жарияланымда.

Естеріңізге сала кетейік, "Интерден" бөлек, "Қайраттың" қарсыластары қатарында мадридтік "Реал" бар – бұл клубпен алматылықтар өз алаңында ойнайды. Сонымен қатар, Қазақстанға бельгиялық "Брюгге", грекиялық "Олимпиакос" және кипрлік "Пафос" келеді.

Сырт алаңда "Қайрат" миландық "Интерден" бөлек, лондондық "Арсеналмен", даниялық "Копенгагенмен" және португалиялық "Спортингпен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!