Футбол
Бүгін 12:02
 

"Интер" бір гол да салмай 2 минутта жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

"Интер" бір гол да салмай 2 минутта жеңіске жетті ©"Интер" ФК

Миландық "Интер" Италия чемпионатының 2026/2027 жылғы маусымындағы тоғызыншы турда "Венецияны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Миландық "Интер" Италия чемпионатының 2026/2027 жылғы маусымындағы тоғызыншы турда "Венецияны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Венециядағы "Пьерлуиджи Пенцо" стадионында өткен кездесу қонақтардың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Матч тағдыры негізгі уақыттың соңғы он минутында шешілді. Бір қызығы, екі гол да алаң иелерінің ойыншыларының автоголы нәтижесінде соғылды.

Алдымен 80-минутта "Венецияның" испаниялық қорғаушысы Матиас Морено допты өз қақпасына сәтсіз бағыттап, "Интердің" есепте алға шығуына себеп болды. Арада екі минут өткенде Редуан Халал да автогол жасап қойып, қарсыластың басымдығын еселеді. Осылайша, матч 2:0 есебімен аяқталды.

Бұл жеңістен кейін "Интердің" еншісінде 25 ұпай бар. Миландық клуб қосымша көрсеткіштер бойынша 25 ұпайы бар "Лациодан" озып, А сериясының турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Ал үш ұпай жинаған "Венеция" турнир кестесінің соңында тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!