Миландық "Интер" Италия чемпионатында жаңа тарихи жетістікке жетіп, басты қарсыластарын артта қалдырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
А сериясының 32-турында миландықтар "Комоны" 4:3 есебімен ұтты. Айта кетерлігі, матч барысында "Интер" 0:2 есебімен ұтылып жатқан еді.
Осы ойыннан кейін "Интер" А сериясы тарихындағы ең көп гол соққан команда атанды. Қазіргі таңда клубтың Италия чемпионаты жоғарғы дивизионында соққан жалпы гол саны 5465-ке жетті.
Осылайша, миландық клуб бұл көрсеткіш бойынша 1975 жылдан бері көш бастап келген туриндік "Ювентусты" басып озды.
Үшінші орында қазір "Милан" орналасқан, олардың еншісінде 5132 гол бар.
Жарнама