Инсайдер "Алтын допты" кім алатынын айтты

©azertag.az

Белгілі инсайдер Фабрицио Романо 2023 жылы "Алтын допты" кім иеленетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның сөзінше, биыл бұл сыйды Лионель Месси алады. Былтыр аргентиналық шабуылшы ПСЖ сапында Франция чемпионы атанып, кейін ұлттық құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды. Онымен қоса, Катардағы ӘЧ-де ең мықты ойыншы атанды. 

"Лео Месси, 2023 жылғы "Алтын допты" алады. Әлі барлық белгі расталуы керек, дегенмен Месси ақыры алады. 

Ресми шешім дүйсенбі Парижде шығады. Бұл Мессидің тарихи сегізінші добы болады", - деп жазыпты инсайдер твиттер желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport