Иньеста бірге ойнаған үздіктер қатарына Мессиді қоспады

©Marca

Испания құрамасы мен "Барселонаның" экс-жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста TyC Sports арнасына берген сұхбатында әр жылдары өзімен бірге ойнаған ең үздік 5 ойыншыны атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Өмірімде осы 5 ойыншымен доп тепкен ұнайтын. Олар: Хави, Неймар, Самуэль Это'О, Серхио Бускетс және Хуан Роман Рикельме", - деді Иньеста.

Жоғарыда аталған ойыншылармен Андрес "Барселонада" 2002-2018 жылдары ойнаған.

Бір қызығы аргентиналық Хуан Роман Рикельме каталондық клубта тек 1 жыл доп тепсе, Иньеста мен Месси бір клубта 15 жыл өнер көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport