Футбол
10 тамыз 2017 16:28
 
Илиан Илиев - "Ертістің" бас бапкері болуы ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Илиан Илиев - "Ертістің" бас бапкері болуы ықтимал ©monitor.bg

Болгариялық маман Илиан Илиев "Ертіс" командасының бапкерілігіне басты кандидат болып отыр, - деп хабарлайды KotaSport.bg.

Кеше, 10 тамызда "Ертіс" басшылығы 2015 жылдан бері команданың жаттықтырып келген болгариялық Димитар Димитровтың қызметінен босағаны туралы мәлімдеді. Былтыр осы бапкердің басшылығымен команда Қазақстан Премьер-лигасының қола жүлдесіне қол жеткізген, ал осы жазда Еуропа лигасының бір раундына өткен.

Vesti.kz мәліметі бойынша, Дмитров жақын арада бірнеше жыл қатарынан Болгария чемпионатын ұтып келе жатқан "Лудогорецті" жаттықтыратын болады.

Ал KotaSport.bg мәліметі бойынша, "Ертіс" басшылығымен соңғы рет сөйлескен кезде Димитров өз орнына Илиевті ұсынған. Қазіргі кезде екі тарап келіссөздер өткізіп жатыр.

49 жастағы Илиев 1986-2004 жылдар аралығында өз елінің "Черно Море"", "Левски" және "Славия" клубтарында, Түркияда - "Алтай" мен "Бурсаспор", Португалияда - "Бенфика", "Маритиму" және "Салгейруш" үшін ойнаған. 1998 жылы Болгария құрамасының сапында жартылай қорғаушы болған.

Илиев футболдағы жолын бапкер ретінде жалғастырып, "Черно Море", "Берое", "Левски" және пловдивтік "Локомотивті", ал 2014-2015 жылдары анголиялық "Интерклубты" жаттықтырған.

2017 жылы Илиев қазақстандық "Алтайдың" бас бапкері болды, алайда, өскемендік клуб ҚПЛ-ге өте алмай қалып, Илиев отанына қайтып, "Вереяны" жаттықтырды. Кейін ол өз командасына қазақстандық Еркебұлан Нұрғалиевті шақырды.

Қазіргі кезде "Ертістің" бас бапкерінің міндетін атқарушы ретінде Срегей Климов тағайындалған. Ол павлодарлық клубта 2011 жылдан бері істеп келеді.

Жарнама

Живи спортом!