"Пари Сен-Жермена" футболшылары өз алаңында "Сент-Этьен" командасын ойсырата жеңіп, Франция лигасы кубогының жартылай финалына шыққан соңғы команда болды.
1/4 финал матчі Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтіп, 6:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Мауро Икарди хет-трик жасады және Неймар мен Килиан Мбаппе бір голдан салды. Сонымен қатар, "Сент-Этьен" футболшысы Джесси Мулен өз қақпасына гол соғып алды. Ал алаңа қонақтарынан жалғыз голды Йоан Кабай салды.
Айта кетеу керек, бірінші таймда жартылай қорғаушы Уэсли Фофан алаңнан қуылып, "Сент-Этьен" 31-ші минуттан бастап азшылықта ойнады.
ПСЖ-мен бірге жартылай финалға "Реймс", "Лион" және "Лилль" шықты.
Икарди үшін бұл париждік клуб сапындағы алғашқы хет-тригі болды. Биылғы маусымда форвард ПСЖ үшін осы маусымдағы барлық турнирдің 19 матчінде 17 гол салды.