Футбол
7 маусым 2022 16:53

Игорь Шацкий Словакияға қарсы кездесу туралы ойын айтты

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Ұлттар лигасындағы Словакия құрамасын қалай ұтқандарын айтып берді, деп жазады ҚФФ баспасөз қызметі. 

- Ойын біз үшін қиын болды. Қарсылас көп шабуылдап, қысым жасады. Бірақ, біз бұл қысымға төзе білдік. Құраманың әрбір ойыншысы соңғы күші қалғанша ойнады. Ешкім өзін аямады. Бұл біз үшін естен кетпес ойын болды. Әрине, құраманың жанкүйерлері үшін де. Шынын айту керек, Словакия құрамасының деңгейі бізден жоғары. Барлық футболшы бапкердің қойған тапсырмасын орындауға тырысты. Тәртіпке бағынған құл болмайды. Біз жұдырықтай жұмылған команда екенімізді дәлелдедік. "Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін", - дегенді ұстандық. Енді алда екі ойын бар. Ол кездесулерде де ұпай алу керекпіз. Тағы жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз. Жанкүйерлер біздің осындай жеңістерімізді көріп, қуануға лайық", - деді Шацкий. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі кездесуін Сербияның Нови-Сад қаласында Беларусь құрамасына қарсы өткізеді. Бұл ойын 10 маусымда болады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport