Игита үшінші орын үшін матч алдында қазақстандықтарға өтінішін айтты

©instagram.com/leohiguita2

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы және капитаны Игита Португалиядан ұтылғаннан кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Игита бір деңгейдегі командалар кездескенін және екеуінде де жақсы сәттері болғанын айтты.

"Соңына дейін күрестік. Пенальти - бұл лотерея тәрізді, одан ұта алмадық. Әрине, мен алаңда бар күшін салып тырысқан, жеңу үшін бәрін жасаған құраммен мақтанамын, бірақ, бұл жолы болмай қалды. Дегенмен алда әлі үшінші орын үшін матч бар. Мен барлық қазақстандықтан бізге қолдау көрсетуін және бізге жеңіске күш-жігер беруін сұраймын. Біз алаңда сіздердің қолдауыңызды сеземіз!" - деді Игита матчтен кейін эфирде.

Енді Португалия футзалдан әлем чемпионатының финалында Аргентинамен ойнаса, Қазақстан үшінші орын үшін Бразилиямен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: