Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай фианлында командаға қолдау білдіруді өтінді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рикардо Кака жаттықтыратын команда 30 қыркүйекте Португалиямен ойында финалға жолдаманы сарапқа салады. Қатар өтетін матчте Аргентина мен Бразилия кездеседі.
"Бәріне сәлем! Жазып жатқандардың бәріне рахмет. Бәріне жауап беру қиын, хабарлама өте көп. Бұл жақсы, мен оның энергиясын сеземін, бұл тамаша! Қазір бар назар жартылай финалда. Қазақстан жақсы жолда, енді сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды! Рахмет, Қазақстан!", - дейді ол Instagram желісінде жариялаған видеода.