Ибрагимович Роналдудың "МЮ-ден" кетуіне қатысты ойын ашық айтты

14 желтоқсан 2022 10:05
©sports.ru

"Милан" шабуылшысы Златан Ибрагимович португалиялық Криштиану Роналдудың "Манчестер Юнайтедтен" кетуіне қатысты не ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Sport24.

"Шындығында не болғанын ешқашан біле алмаймыз. Олар айтқысы келгенді ғана сөз етеді. Роналду өзін қорғау үшін бірдеңе айтады. Бапкер де сөйтеді. Одан кейін клуб бөлек мәлімдеме жасайды. 

Менімен олай болмас еді, мен шындығында не болғанын айтар едім. Бірақ әркім әртүрлі ғой. Бәрі өз имиджін ойлайды. Ал меніңше, ең мықты имидж - өзіңе адал болғаның. Ал бар шындықты біз ешқашан біле алмаймыз", - деп береді Ибрагимовичтің сөзін Daily Mail.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport