Ибрагимович, Холанд және Погбаның агенті қайтыс болды

©Marca

Танымал футбол агенті Мино Райола ұзақ ауыру салдарынан 54 жасында қайтыс болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Райола Еуропа танымал деген бірнеше футболшының агенті. Тарқатып айтсақ, нидерландылық маманмен Италия мен ПСЖ қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма, Норвегия мен "Боруссия" шабуылшысы Эрлинг Холанд, "Миланның" швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович, Франция мен "Манчестер Юнайтед" жартылай қорғаушысы Поль Погба, Нидерланды мен "Ювентустың" қорғаушысы Маттейс де Лингпен жұмыс істеген. 

Былтыр Райола агенттік қызметінен 73,5 миллион доллар табыс түсіргені айтылды. 

Айта кетейік, 12 қаңтар күні БАҚ өкілдері Райоланың өкпесіне ота жасатқанын хабарлады. Ал 20 қаңтар күні ол қайта жан сақтау бөліміне түскен еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport