УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы бірінші матчта Ммадридтік "Реал" клубы "Манчестер Сити" командасын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.
Ойынның 20-минутында Федерико Вальверде есеп ашты. Бұл голға нәтижелі пасты күтпеген жерден мадридтік клубтың қақпашысы Тибо Куртуа берді. Жеті минуттан кейін уругвайлық жартылай қорғаушы тағы да қарсылас қақпасын дәл көздеп, дубль жасады.
Ал бірінші тайм аяқталар тұста - 42-минутта Федерико Вальверде тағы бір гол соғып, хет-трик авторы атанды және матчтың басты кейіпкеріне айналды.
Екінші таймда Реал Мадрид есепті ұлғайтуға мүмкіндік алды. 58-минутта Винисиус Жуниор пенальти орындады, алайда, Джанлуиджи Доннарумма соққыны қайтарып, командасын голдан құтқарды.
Айта кетейік, бұл матчта Абдукодир Хусанов те алаңға шықты. Ойынды "Манчестер Ситидің" негізгі құрамында бастаған Өзбекстан құрамасының қорғаушысы кездесуді толық өткізді.
Қарымта матч 17 наурызда Манчестер қаласындағы "Этихад" стадионында өтеді.