Англияның "Манчестер Сити" клубы мадридтік "Реалдан" ұтылып, Чемпиондар лигасының 1/8 финал кезеңінде турнирмен қоштасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қарымта кездесу Манчестерде өтіп, 2:1 есебімен мадридтік клубтың пайдасына аяқталды. "Реал" сапында Винисиус Жуниор дубль авторы атанды (22-минутта пенальтиден және 90+3-минутта). Ал "қалалықтар" сапында Эрлинг Холанд гол соқты.
Бұл ретте "Манчестер Сити" 20-минуттан бастап азшылықта ойнағанын айта кету керек. Бернарду Силва қақпа маңында қолымен ойнағаны үшін алаңнан қуылды.
Алғашқы матчта "Реал" 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Қос ойынның қорытындысы бойынша мадридтік клуб 5:1 есебімен басым түсіп, ширек финалға өтті.
Айта кетейік, "Манчестер Сити" мен Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов негізгі құрамда алаңға шығып, матчты толық өткізді.
Жарнама