Футбол
27 қаңтар 09:30

Хусановтың голы арқасында Өзбекстан құрамасы нағыз ерлік жасады

©Өзбекстан футбол қауымдастығы

Өзбекстан құрамасы Қытайға қарсы өткен жолдастық кездесуде екі гол жіберіп алғаннан кейін мінез танытып, есепті теңестіре алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 26 қаңтарда жабық түрде, көрерменсіз өтті.

БАӘ-де негізгі құраммен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қытай командасы матчты сенімді бастап, 20-минутқа дейін қарсылас қақпасына екі рет дәл соққы жасады. Өзбекстан футболшыларына ойын барысын өзгерту оңайға соқпады, алайда, матчтың шешуші сәттері өте драмаға толы болды.

Ойын соңында Фабио Каннавароның шәкірттері барынша қарқын қосты: 91-минутта Жавохир Хусанов есеп айырмасын қысқартса, 105-минутта Бехруз Каримов таразы басын теңестіріп, әсерлі камбэкке нүкте қойды - 2:2.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы бұл матчта тәжірибелік құраммен өнер көрсетті. Өтінімде негізгі ойыншылардың басым бөлігі болмады, себебі Каннаваро бастаған бапкерлік штаб жақын резервті қарастыруда. Ал Қытай құрамасы үшін бұл ойын негізгі құрамды дайындаудың бір бөлігі болды.

«Ақ қасқырлар» келесі жолдастық кездесуін 30 қаңтарда өткізеді. Қарсыласы армениялық «Урарту» клубы.


Еске салайық, өткен жазда Өзбекстан құрамасы Тимур Кападзе жетекшілігімен өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алып, БАӘ-мен 0:0 есебімен тең ойнап, А тобында 18 ұпаймен екінші орын алған еді. Қазан айында ұлттық құраманың тізгінін Фабио Каннаваро қолға алды. Италиялық маман өзбекстандықтарды 2026 жылңы әлем біріншілігіне бастап барады, ал қаңтар айындағы оқу-жаттығу жиыны басты доданың алдындағы маңызды дайындық кезеңі ретінде қарастырылуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport