1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 09:43
 

Хусанов ойнайтын "Манчестер Ситидің" АПЛ-дегі матчі сенсациямен бітті

  Пікірлер

blog.share

Хусанов ойнайтын "Манчестер Ситидің" АПЛ-дегі матчі сенсациямен бітті ©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Англия премьер-лигасының 21-турында «Манчестер Сити» өз алаңында күтпеген жерден «Брайтонмен» тең түсіп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Англия премьер-лигасының 21-турында «Манчестер Сити» өз алаңында күтпеген жерден «Брайтонмен» тең түсіп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Манчестер қаласындағы «Этихад» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 41-минутта Эрлинг Холанд пенальтиден есеп ашса, қонақтар сапынан 60-минутта Каору Митома дәл соққымен жауап қайтарды.

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов «Манчестер Сити» сапында негізгі құрамда алаңға шығып, матчты толық өткізді.

Осы нәтижеден кейін «Манчестер Сити» 43 ұпаймен АПЛ турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Ал «Брайтон» 29 ұпай жинап, оныншы орынға жайғасты.

Келесі турда «Манчестер Сити» 17 қаңтарда сырт алаңда «Манчестер Юнайтедпен» матч өткізеді, ал «Брайтон» 19 қаңтарда өз алаңында «Борнмутты» қабылдайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!