| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 09:02
 

Хусанов Мбаппеден тура мағынада озып отыр. Өзбек футболшы ӘЧ-дегі үздіктердің топ-3 тізімінде

  Пікірлер

blog.share

Хусанов Мбаппеден тура мағынада озып отыр. Өзбек футболшы ӘЧ-дегі үздіктердің топ-3 тізімінде ©instagram.com/uzbekistanfa/

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы тур қорытындысы бойынша ең жылдам футболшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы тур қорытындысы бойынша ең жылдам футболшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хусанов турнирдің ең жылдам ойыншыларының қатарына кірді

Рейтинг көшбасшыларының қатарында Өзбекстан құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов бар.

Әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Хусанов сағатына 36,5 шақырым жылдамдықпен жүгіріп, турнирдің ең үздік көрсеткіштерінің бірін тіркеді. Бұл нәтиже оған Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холандпен бірге екінші-үшінші орындарды бөлісуге мүмкіндік берді. Екі футболшы да бір клубтың намысын қорғайды.

Тізімде бірінші орын аустралиялық қорғаушы Джордан Босқа бұйырды. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 36,7 шақырымға жеткен.

Сонымен қатар, өзбекстандық футболшы әлемдік футбол жұлдыздары - Франция құрамасының көшбасшысы Килиан Мбаппе мен Оңтүстік Корея құрамасының капитаны Сон Хын Миннен озып тұр.

ӘЧ-2026 алғашқы турындағы ең жылдам 10 футболшы

1. Джордан Бос (Аустралия) — 36,7 км/сағ
2. Эрлинг Холанд (Норвегия) — 36,5 км/сағ
3. Абдуқодир Хусанов (Өзбекстан) — 36,5 км/сағ
4. Мохаммед Туре (Аустралия) — 35,8 км/сағ
5. Райан Гравенберх (Нидерланд) — 35,6 км/сағ
6. Алан Минда (Эквадор) — 35,5 км/сағ
7. Сон Хын Мин (Оңтүстік Корея) — 35,2 км/сағ
8. Джед Спенс (Англия) — 35,2 км/сағ
9. Килиан Мбаппе (Франция) — 35,1 км/сағ
10. Педру Нету (Португалия) — 34,8 км/сағ

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтіп жатыр. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде өтетін финалдық матчпен аяқталады.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!