Аргентиналық шабуылшы Хулиан Альварес Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы "Атлетико Мадрид" пен "Арсенал" арасындағы алғашқы матчта гол соғып, ерекше жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол пенальтиден мүлт кетпей, есепті теңестірді — 1:1.
Бұл гол Хулиан Альварес үшін Еуропаның басты клубтық турниріндегі 25-ші нәтижелі соққы болды. Сонымен қатар ол тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Opta дерегіне сәйкес, аргентиналық футболшы оңтүстікамерикалық ойыншылар арасында бұл межеге ең жылдам жеткен ойыншы атанды (небәрі 41 матчта). Бұған дейін Лионель Мессиге бұл көрсеткішке жету үшін 42 ойын қажет болған.
Екі команда арасындағы қарымта кездесу 5 мамырдан 6 мамырға қараған түні Лондонда өтеді.