Спорт | Қызықтылар | Vesti.kz |
Жарнама
"Манчестер Сити" клубы Хосеп Гвардиоламен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Испаниялық маман "қалалықтарды" 2025 жылға дейін жаттықтырады.
"Пептің "Манчестер Ситидегі" бапкерлік жолы жалғасатынына қуаныштымын. Ол қазірдің өзінде клубтың тарихында қалатын мықты маманға айналды. Гвардиоланың жетекшілігімен біздің команда үлкен белестерді бағындырды. Әлі де алар асуы көп деп ойлаймын", - деді "Манчестер Ситидің" төрағасы Халдун Халифа Әл-Мүбәрәк.
Еске салайық, Гвардиола ағылшын командасын 2016 жылдан бері жаттықтырып, 4 рет Англия чемпионы атанды. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының финалына дейін жетті.
Picture perfect ? pic.twitter.com/l8m1w7m1rk
— Manchester City (@ManCity) November 23, 2022
Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар
@vestisport @vestikzsportVesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама