Хосеп Гвардиола Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты

©Reuters

Хосеп Гвардиоланың жетекшілігімен "Манчестер Сити" ширек финалда "Атлетико Мадридті" жалпы есепте (1:0, 0:0) жеңіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты.

Бас бапкер ретінде Гвардиола өз командасын Чемпиондар лигасының жартылай финалына тоғызыншы рет алып шықты және турнир рекордын орнатты, деп хабарлайды Gracenote Live. Испаниялық маман бұған дейін "Барселона", "Бавария" командаларымен бірнеше рет турнирдің 1/2 финалына шыққан болатын.

"Реалдың" қазіргі бапкері Карло Анчелотти ("Ювентус", "Реал Мадрид", "Милан") мен "Романың" бапкері Жозе Моуриньо ("Порту", ​​"Челси","Интер", "Реал") Чемпиондар лигасының жартылай финалына сегіз рет жеткен.

Турнирдің келесі кезеңінде "Манчестер Сити" "Реал Мадрипен" ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар