Осы жеңістен кейін "Манчестер Сити" бапкері Хосеп Гвардиола лигадағы алғашқы 150 матчтегі жеңістер саны бойынша АПЛ рекордын орнатты. Бұл туралы OptaJoe хабарлап отыр.
Гвардиоланың командасы 111 ойында ұтқан. Бұл көрсеткіш бойынша ол Жозе Моуринью (105), Юрген Клопп (92), Алекс Фергюсон (90) мен Кенни Далглиштен (85) асып түсті.
"Манчестер Сити" 75 ұпаймен АПЛ-дің турнир кестесінде екінші келеді.