Хорватия құрамасының ойыншысы Иван Перишич Катарда өтетін әлем чемпионатының жартылай финалындағы Аргентинамен ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vecernji List. Сонымен бірге, ол Криштиану Роналду мен Лионель Мессиге салыстыру жасады.
1/2 финалда Хорватия Аргентинамен, ал өзге матчте Франция мен Марокко ойнайды.
"Сапында Криштиану Роналду бар Португалия әлем чемпионатынан шығып қалғанын көрдік. Ол бес әлем чемпионатында ойнап, титулды иелене алмай-ақ қойды. Месси де бесінші рет осы турнирді жеңіп алуға тырысуда.
Бізде аянып қалмаймыз, өйткені жеңгіміз келеді. Бұл нағыз ерлердің матчі болады, кім мықты сол жеңсін", - дейді Перишич.