Еуропа чемпионатының кезекті ойыны мәресіне жетті. Глазгоның "Хэмпден Парк" аренасында Хорватия мен Чехия кездесіп, қос құрама тең түсті.
37-ші минутта Патрик Шик 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындап командасын алға шығарса, 47-ші минутта соңғы әлем чемпионатының финалистері таразы басын теңестіре алды. Гол авторы Иван Перишич.
1 ұпайға қол жеткізген Златко Далич шәкірттері бірінші турда Англияға есе жіберген болатын. Енді топтағы үшінші ойын Шотландия футболшыларына қарсы 22-маусымда өтеді. Ал 4 ұпайы бар Чехия құрамасы сол күні ағылшындармен өзара мықтыны анықтайды.