Футбол
17 шілде 2018 09:42
 

Хорватия құрамасының шабуылшысы 500 ауылдасының несиесін жауып берді

  Пікірлер

blog.share

Хорватия құрамасының шабуылшысы 500 ауылдасының несиесін жауып берді Анте Ребич.© REUTERS/Lucy

Футболдан Хорватия құрамасының шабуылшысы Анте Ребич туған ауылының тұрғындарының несиелерін жауып тастады. Бұл туралы футболшының досы Ловро Шиндик айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

blog.share

Футболдан Хорватия құрамасының шабуылшысы Анте Ребич туған ауылының тұрғындарының несиелерін жауып тастады. Бұл туралы футболшының досы Ловро Шиндик айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, Ребич курортты Сплит қаласынан 45 минуттық жердегі қалашықта дүниеге келген.

"Біз бірімізді біріміз көптен бері танимыз. Ол "РБ Лейпциг" клубының сапында өнер көрсетіп жүргенде, біз Берлинде жиі кездесетінбіз. Әлем біріншілігі кезінде күн сайын хат алмасып отырдық. Жасөспірім кезінде ол қызу қанды болатын, алайда, онысын түзей білді. Өзінің туған Имотски қалашығында ол бір кездері 500 тұрғынның несиесін жауып берген еді", - деді Шиндик.

Еске салайық, 15 шілдеде Хорватия құрамасы футболдан әлем біріншілігінің финалында Франция футболшыларынан 4:2 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Ребич жарыс барысында алты ойынға қатысып бір гол салды. 

Жарнама

Живи спортом!