Хорватия құрамасы Ұлттар лигасының финалына шықты

©"Чемпионат"

Футболдан Хорватия құрамасы Ұлттар лигасының финалына жолдама алды. Шақпақ жейделі команда жартылай финалда Нидерланд құрамасын ұтты. 

Роттердамда өткен ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Бірінші болып Нидерланд құрамасы сапында Дониелл Мален гол соғып, командасын алға шығарды. Екінші таймда хорваттар екі гол соғып, камбек жасады. 55-минутта Андрей Крамарич пенальтиден есепті теңестірсе, 73-минутта Марио Пашалич командасын алға шығарды. Алайда ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда Нидерланд құрамасы есепті теңестіріп кетті. Ноа Ланг қақпа алдындағы қарбаласқан сәтте өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланды. 

Хорватия құрамасы экстра-таймда жеңіске бастар жолды тапты. 98-минутта Бруно Петкович, 116-минутта Лука Модрич гол соғып, командасын финалға алып шықты. 

Финалға шыққан екінші құрама Испания – Италия ойынынан кейін белгілі болады. Бұл екі құрама 15 маусым күні кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport