Хорватия құрамасы "Атлас арыстандарын" ұта алмады

©Global Look Press

Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Хорватия мен Марокко құрамалары кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

F тобының аясындаға матч 0:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, Ресейдегі әлем біріншілігінің финалисі Таяу Шығыста өтіп жатқан мундиальдың алғашқы кездесуінде марокколықтармен ұпай бөлісті.

Еске салайық, бұл топта Бельгия мен Канада командалары да бар. Қос қарсылас бүгін Астана уақытымен түнгі сағат 01:00-де өзара мықтыны анықтайды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport