Хорватия, Германия, Бельгия, Испания. Катар-2022 матчтеріне трансляция

©news.cn

Бүгін, 23 қарашада 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының кезекті матчтері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Катардағы турнирде алаңға бүгін Марокко - Хорватия (16:00, F тобы), Германия - Япония (19:00, E), Испания - Коста-Рика (22:00, E) және Бельгия - Канада (01:00, F) жұптары шығады.

Барлық ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport