Хорватия, Албания және Аустрия құрамаларын жаттықтырған маман қайтыс болды
Сурет: hns-cff.hr©
Белгілі хорватиялық бапкер Отто Барич қайтыс болды,- деп хабарлайды Хорватиялық футбол кеңесінің ресми сайты. Маман 88 жаста болатын.
Белгілі хорватиялық бапкер Отто Барич қайтыс болды,- деп хабарлайды Хорватиялық футбол кеңесінің ресми сайты. Маман 88 жаста болатын.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, ол коронавирус індетінің меңдеп кетуіне байланысты Загребтегі ауруханада көз жұмған.
Барич футболшы кезінде "Динамо" мен "Локомотив" сапында ойнаған. Бапкерлік карьерасын 1969 жылы бастап, Хорватия, Албания және Аустрия құрамаларын жаттықтырған.
Клубтық деңгейде "Штутгарт", "Казино" (Зальцбург), "Фенербахче", "Штурм", веналық "Рапид", ЛАСК, "Локомотив" және өзге командаларда жетекшілік етті.
Жарнама