Футбол
17 қараша 09:45

Холландтың дублі Италияны күйретіп Норвегияны ӘЧ-ге тікелей өткізді

©UEFA

Италия футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде өз алаңындағы матчте Норвегиядан ірі есеппен есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Миландағы кездесу 1:4 есебімен аяқталды. 11-минутта алаң қожайындарынан Франческо Эспозито есеп ашты. Алайда қонақтар Антонио Нусенің (63-минут), Эрлинг Холандтың (78, 79-минуттар) және Йорген Странн-Ларсеннің (90+3-минут) голдарымен жауап қайтарды.

Осылайша, Норвегия 24 ұпай жинап, I тобында бірінші орнынға шықты және мундиальдің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Ал Италия 18 ұпаймен екінші орынды місе тұтып, әлем чемпионатына өту үшін шешуші матчтарға қатысады.

I тобының сегіз матчтан кейінгі жағдайы:

Норвегия – 24 ұпай
Италия – 18
Израиль – 12
Эстония – 4
Молдова – 1

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport